{metadescription}
Прокуратура туралы Конституциялық заң жобасына қандай өзгерістер енді

Прокуратура туралы Конституциялық заң жобасына қандай өзгерістер енді

Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Гүлнар Бижанова «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңы жобасын екінші оқылымға ұсынды.

«Бұл заң жобасын қабылдаудың тарихи маңызы бар. Қазақстанда алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе беріледі. Мемлекет басшысы биылғы 16 наурыздағы Жолдауында Прокуратура туралы Конституциялық заңды қабылдауды ұсына отырып, бірінші кезекте елдегі заңдылық-конституциялық принципінің рөлін нығайтты. Қоғам мен мемлекетте заңдылыққа қол жеткізу – барлық прокуратура жұмысының негізгі және басты мақсаты екенін атап өткен жөн. Сондықтан, жоғары қадағалау – заңдылықты сақтаудың тиімді құралы ретінде конституциялық мәртебесі бар заңмен қамтамасыз етілуі керек», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Өз баяндамасында депутат Конституциялық заң жобасын қарау кезінде енгізілген негізгі түзетулерге тоқталды.

«Барлық енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заң жобасы тұжырымдамасы шеңберінен шықпайды және прокуратураға қосымша өкілеттіктер бермейді. Дегенмен біз прокуратура мен жоғары қадағалау шектері мен заңдылықты бұзуға ден қою рәсімдерін қарадық. Болашақ Конституциялық заңның ережелерін басқа Конституциялық заңдардың нормаларымен дұрыс үйлестіру мақсатында депутаттар бірқатар маңызды ұсыныстар енгізді. Мысалы, жобада қазіргі уақытта заңнамада көзделмеген Президенттің жоғары қадғалау органы жүйесінде өзге прокуратураларды құру туралы құқығын ескеруді ұсынды. Тиісті түзетулер әскери және көлік прокуратуралары органдарының қызметі мәселелері бойынша да енгізілді. Бұл түзетулер қолданыстағы Президент туралы Конституциялық заң ережелеріне сәйкес келеді. Өйткені прокуратура – Мемлекет басшысына есеп беретін орган. Ал жобадағы жабық тізім Президент өкілеттіктеріне тікелей қайшылық тудырушы еді», - деді Г. Бижанова.

Сонымен бірге Бас прокурордың сотқа дейінгі тергеу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді келісу құқығы туралы норма енгізілді. Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан және әкімшілік жауапқа тартылудан, тиісті артықшылықтары бар адамдарды қолсұғушылықтан айыру мәселелері бойынша ұсыныс енгізу туралы нормалар нақтыланды. Тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды және заңсыз актілерді тоқтата тұруды, прокурормен талап ету құқығы енгізілді.

Қылмыстық жомлен алынған кірістерді шетелден қайтару мәселелері бойынша прокуратураның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметін үйлестіру туралы жобаның ережелері нақтыланды.

Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның, әскери және көлік прокуратурасы органдарының тексеру мәселелері және басқа да функциялары бойынша өкілеттіктерінің шектері айқындалды.

Прокуратура шешімдеріне шағымдану тәртібі қадағалаушы орган арыз берушіге, шағымдану құқығын түсіндіре отырып, негізделген және дәлелді жауап беруді талап ететін нормамен толықтырылды. Прокуратура шешімдеріне шағымдану мерзімі қабылданған шешім туралы адамға белгілі болған күннен бастап есептелетін болады. Бұл нақтылау азаматтарға шағымдану мерзімін өткізіп алмауға мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, Заң жобасын талқылау кезінде құқықтық олқылықтарды болдырмау, заң жобасының нормаларын бір-біріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылаушы сипаттағы бірқатар түзетулер енгізілді. Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын ұсынды», - деді Гүлнар Бижанова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.