{metadescription}
ОСК Қазақстандағы сайлаушылар санын атады

ОСК Қазақстандағы сайлаушылар санын атады

Қазақстан президенті сайлауында 11,8 миллионнан аса қазақстандық дауыс бере алады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, комиссия 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректер негізінде сайлаушылардың бірыңғай электрон тізімін енгізеді.

Биыл 1 шілдеде сайлаушылар реестріне белсенді сайлау құқығы бар 11 827 277 азамат енгізілген. Олар тек тұрақты тіркелген жері бойынша енгізілгені айтылды.

Сайлаушылардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген - 1 165 869 адам. Одан кейін 1 150 460 азаматы бар Алматы қаласы. Көшбасшылар үштігін 944 550 сайлаушысы бар Алматы облысы қорытындылап тұр. Қарағанды облысында 745 762 азамат, елордада 731 270 сайлаушы тіркелген.

"Егер азамат өзінің тұрғылықты жерін өзгертпесе және оның нақты тұратын жері орналасқан жеріне сәйкес келмесе, онда оның сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруді қоспағанда, басқа ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының деректері бойынша оны автоматты түрде қосады", - деді Константин Петров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.