{metadescription}
Жер мен инфрақұрылым мәселесінде әкімдердің ақталатын реті жоқ - Президент

Жер мен инфрақұрылым мәселесінде әкімдердің ақталатын реті жоқ - Президент

2023 жылы құрылысы басталатын мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуі тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды Ақорда.

«Әкімдер жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі қажет. Мұнда еш ақталудың реті жоқ. Сондықтан, аталған жұмыстың орындалуына әкімдерді тікелей жауапты етіп бекіту жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймын.

Құрылысы 2023 жылы басталуға тиіс мектептер үшін жер учаскелерін бөлу және инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселе бір ай ішінде шешілуге тиіс. Қалғандары жыл соңына дейін», - деді Мемлекет басшысы.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.