2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Тәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі

Тәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілетініне қатысты түсініктеме берді.

«Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Ешқандай демалыс күндері ауыстырылмайды», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі агенттік сауалына.

Бұған дейін 25 қазан – Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады деп хабарланған болатын. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.

«Бұл әзірге қаулы жобасы ғана, әлі ешнәрсе нақтыланбаған. Бұл құжат Ашық Үкімет сайтында 10 күн болуы керек, 10 күннен кейін күшіне енеді. Әзірге, Премьер-Министр бұл құжатқа қол қойған жоқ», - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.