{metadescription}
Нору тайфунынан 10 адам мерт болды

Нору тайфунынан 10 адам мерт болды

Осы демалыста Филиппинге келген «Нору» тайфунынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, 8 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Бұл туралы Ұлттық табиғи апаттар кеңесінің ресми өкілі Рафаэлито Алехандро мәлім етті.

Ол кеңестің қаза тапқан 10 адамды тіркегенін, соның ішінде бесеуі құтқарушы болғанын мәлім етті. Олар Маниладан солтүстікке қарай Булаканада «Нору» құрлыққа жеткенде мерт болған.

Із-түзсіз жоғалғандар саны сегіз адамға жетті - бесеуі Солтүстік Камаринестеннен, екеуі Рисальдан және біреуі Кесон провинциясынан.

«Нору» дүйсенбі күні Филиппиннен кетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде