{metadescription}
МТҚ Қазақстанда интернет неге баяу істеп тұрғанын айтты

МТҚ Қазақстанда интернет неге баяу істеп тұрғанын айтты

Бірнеше күннен бері Қазақстанның әр өңірінде интернет жұмысында ақаулар байқалып жатыр.

Атап айтқанда, ақауларға барлық қазақстандық байланыс операторларының пайдаланушылары шағымданып жатыр.

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері интернеттегі ақау қайдан шыққанын айтты.

"Бүгін таңертең Қазнетке ауқымды кибершабуыл жасалды. Бұл жағдай елдің барлық аймағындағы интернет жұмысына әсер етеді", - деді МТҚ өкілдері.

Қазір МТҚ техникалық мамандары қатерлерді жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде