{metadescription}
Қостанайда бір аптадан бері хабарсыз кеткен 35 жастағы әйелдің денесі табылды

Қостанайда бір аптадан бері хабарсыз кеткен 35 жастағы әйелдің денесі табылды

Қостанайда жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Оны полиция 22 қыркүйектен бері іздеп жатқан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияға оның күйеуі жүгінген. Аталған факті бойынша полиция іздестіру іс-шараларын бастады. 

Бүгін 8.25-те «102» пультіне үлкен көпір аймағындағы өзенде әйелдің денесі болуы мүмкін деген хабарлама келді. 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Марқұмның Қуаныш Бермұхамбетова екені туралы ақпарат расталды. 

Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде