{metadescription}
Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады

Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады

Қазан айында аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн, 6 күндік жұмыстағылар 7 күн демалады.

Келе жатқан қазан айында бір ұлттық мекере бар. Осыған орай, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер келесі айда 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады. Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 24 күн жұмысқа барып, 7 күн демалады. 

Бұл өзгеріс «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қаулыжобасында көзделген. Құжат 12 қазанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамның талқылауында болады.

«2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын», - деп жазылған құжатта. 

Еске салсақ, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң бойынша 25 қазан Республика күні – Ұлттық мейрам болып бекітілді. Бұл күн биыл сейсенбіге дөп келіп отыр.

«Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін Қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылады, онда демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған», - деп жазылған Қаулы жобасының түсіндірмесінде.

Осылайша, 2022 жылы 22 қазандағы сенбі – жұмыс күні, 23, 24 және 25 (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) – демалыс күндері болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде