{metadescription}
Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды

Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйекте ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады. 

Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, өңірдің батысында, орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады. Күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні 25 м/с артады. 

Түнде Павлодар облысыныңсолтүстігінде, батысында тұман күтіледі. 

Қостанай облысының батысында көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.