{metadescription}
Қазақстандық әнші есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамалды

Қазақстандық әнші есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамалды

Музыкалық топтың солисті есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Ә.Мұратқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталды. 

«Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қыркүйек айында Ә.Мұрат есімді азамат мас күйінде көлік жүргізген кезінде елордалық полиция қызметкерлерімен ұсталды. Сол кезде сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алайда өзіне тиісті қорытынды жасамай, биылғы жылдың 6 тамызында Ә.Мұрат есімді азамат тағы да мас күйінде көлік тізгініне отырған. Медициналық тексеру кезінде оның есірткіге мас екендігі анықталды. Сол күні Мұрат мырзаның үстінен қылмыстық іс қозғалды және қамауға алынды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

28 қыркүйек Бостандық сотының үкімімен Ә.Мұрат ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі бас бостандығынан айыру орындарында өтейтін болады. 

«Жыл басынан бері анықтаушылар аяқтаған қылмыстық істер бойынша, сот үкімдерімен 95 адам көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған. Осы ретте, Алматы қалалық ПД, азаматтарды заң бұзбауға шақырып, мұндай құқықтан айырыла тұра, көлік құралын мас күйінде жүргізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын тағы да ескертеді», – деді полиция өкілі.

Фото: polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.