{metadescription}
Сайлау жарияланған соң фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді - Мемлекет басшысы

Сайлау жарияланған соң фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді - Мемлекет басшысы

Ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде осыны ескертті. 

«Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. 

Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан-жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз», - деді Президент.

Мемлекет басшысы биылғы референдум нәтижесі бағдарымыздың дұрыстығын көрсеткенін айтты. 

«Жұртшылық Ата заңға ұсынылған өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам болды. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығая түсті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл Президенттік Республика болады деген сөз. Расында, ел басқаратын Президент құзырлы, күшті болуы керек. Әйтпесе, кейбір басқа елдердегі сияқты тәртіпсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Ал, ондай жағдай халқымызға қасірет әкеледі. Келесі жылы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары тың тәсіл, яғни аралас жүйе бойынша сайланады. Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілді. Саяси партияларға заң жүзінде тың мүмкіндіктер берілді. Жұрттың мемлекетті басқару ісіне атсалысуына жол ашылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.