2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК ұсынған болжам бойынша, солтүстік антициклон жотасы ықпалымен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінде болады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасы сәл көтеріледі:

Күндіз еліміздің батысында негізгі фон  +17...+28°C жылы, солтүстік-батыста +5...+18°C-тан +8...+23°C-қа дейін, солтүстікте 0...+8°C-тан +2...+11°C жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады, орталықта +3...+15°C жылы, шығыста 0...+8°C-тан +2...+10°C-қа дейін температураның аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон +10...+22°C жылы, оңтүстік-шығыста +7...+13°C, таулы аудандарда +2°C-тан +12...+18°C-қа дейін жылынады, таулы аудандарда +9°C градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.