2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Әнші Төреғали Төреәлі ұсталды

Әнші Төреғали Төреәлі ұсталды

Төреғали Төреәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

28 қыркүйекте Ұлттық парк аумағында, Алматы облысы, Кеген ауданында болған бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша, ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген болатын.

"Бүгін, 30 қыркүйекте күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды", - деп жазды Әбдірахманов. 

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынғаны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.