2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Ресейден келген 7 мың адам Қазақстанда жұмыс істеуге өтініш берген

Ресейден келген 7 мың адам Қазақстанда жұмыс істеуге өтініш берген

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты.

«Ресейден келгендерге жекелей жағдай жасалмайды. Ол белгілі жағдай. Қазіргі кезде Ресейден келіп, Қазақстанда жүрген 353 мың адам бар. Оның 7 мыңы ғана Қазақстанда жұмыс істеуге келген. Сондықтан ресейліктердің келуі еңбек нарығына әсер етпейді. Атап айтқанда, ресейліктердің жұмысқа тұруына жағдай жасалмайды», - деді Р. Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейден Қазақстанға қарай өте алмай тұрған еліміздің азаматтары үшін «жасыл дәліз» ашылатынын айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанға келген ресейліктер азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.