2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

Жанасова Әсел сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жанасова Әсел Жұбанышқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған.

2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.