2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 53 адам эвакуацияланды

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шығып, 53 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі электр қалқанында өрт шыққан. 

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Олар үйдің 53 тұрғынын, оның ішінде 15 баланы жедел эвакуациялап, «Вахта» жылы автокөлігіне орналастырды. Көп ұзамай 2 шаршы метр аумақтағы қызыл жалын ауыздықталды. Арнайы құрылғы - түтін сорғыштың көмегімен жертөледен түтін сорылып, шығарылды», - делінген ақпаратта.

Барлығы жеке құрамнан 19 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Зардап шеккен ешкім болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.