2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Ақтөбеде екі оқушыны көлігімен қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде екі оқушыны көлігімен қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Ақтөбеде көлік қағып кеткен екі оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға қаладағы Тәуелсіздік даңғылы бойында болды. 

Куәгерлердің сөзіне сүйенген құқық қорғаушылар ақ түсті «ВАЗ 2121 маркалы көлік жүргізушісі даңғылымен жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігін кесіп өткен 8 және 9 жастағы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. 

Кейін жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. 

«Оқушылар Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Жол ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден «102» нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз. Құпия қалатынына кепілдік беріледі»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.