2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыға соғылып, бір адам мерт болды

Алматы-Өскемен тасжолында көлік жылқыға соғылып, бір адам мерт болды

Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл автокөлік жылқымен соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

«Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында Toyota Crown автокөлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылған. 

27 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазір тергеу жүргізілуде. 

Айта кетейік, Ақсу ауданы Алматы-Өскемен тасжолының бойында орналасқан. Көлік апатының басым бөлігі Қызылағаш ауылының маңында болады. Түнде тура жолдың бойында тұрған жылқыларды республикалық трассада үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушілері көрмей қалып, апатқа ұшырайды. Осы жайттың алдын алу мақсатында Ақсу ауданының прокурорлары төрт түліктің мойнына түнде жанатын арнайы бау тағуды ұсынғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.