2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

Баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

30 қыркүйекте Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты балаларды дамыту орталығының тәрбиешісі К-ға қатысты айыптау үкімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы К-ның балабақша тәрбиешісі бола отырып, танымдық сабақтар кезінде оны тыңдамаған Ш.-ның қыңырлығына байланысты баланы жүйелі түрде ұрып-соғуды бастады деген айып таққан. 

«Сотта К балалар мекемесінің тәрбиешісі бола отырып, өз міндеттерін орындамағаны және баланы басынан алақанымен соққаны анықталды. Сотталушы баланың мойнына, кеудесіне, сол жақ қолындағы көгерген және сол қолында қанталаған түріндегі дене жарақаттарын келтіргені туралы дәлелдер анықталған жоқ. Сонымен қатар сотта балалардың балабақшада болған кезеңінде олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болған К өз міндеттерін орындамағаны, соның салдарынан балабақшада баланың белгісіз мән-жайларда дене жарақатын алғаны дәлелденді», - деп жазды ведомстводан. 

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға қатысты заңда (ҚК 53 – бабы) көзделген жеңілдететін мән-жай ретінде оның жас баласының болуын, жүктілігін есепке алды. Сондай-ақ К-ға кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен қызметтерді атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.