2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Футбол матчынан кейінгі қақтығыстан қаза тапқандар саны 170-тен асты

Футбол матчынан кейінгі қақтығыстан қаза тапқандар саны 170-тен асты

Индонезияда футбол матчында болған қақтығыс салдарынан кем дегенде 174 адам қаза тапты.

Тағы 11 адам ауыр жарақат алды. Стадионда зардап шеккендердің қалған бөлігі ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқПарат.

Құрбан болғандар саны артуы мүмкін. Қаза тапқандар туралы мәліметтерді жинайтын Шығыс Ява табиғи апаттар салдарын жою агенттігі соңғы екі сағатта құрбан болғандар санының артқанын хабарлап, сағат сайын көрсеткішті жаңартып отыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, Индонезия стадионындағы тәртіпсіздік кезінде 127 адам мерт болды. 

Қайғылы жағдай Маланг қаласындағы стадионда жергілікті «Арема» клубы мен Шығыс Ява провинциясының әкімшілік орталығы Сурабайдағы «Персебая» командасы арасындағы ойын кезінде болды.

Матч 3-2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Соңғы ысқырықтан кейін «Ареманың» мыңдаған жанкүйері алаңға жүгіріп шыққан, содан қақтығыстар басталған.

Полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.

Стадионның сыртында да тәртіпсіздік жалғасып, бірнеше полиция көлігін өртеп жіберген. Екі полиция қызметкері де қаза тапты.

Билік тергеуді бастады. Индонезия футбол федерациясы «Аремаға» маусымның соңына дейін матч өткізуге тыйым салды және алдағы барлық ойынды бір аптаға кейінге шегерді.

Фото: dw.com

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.