{metadescription}
Павлодар тас жолындағы жол апатынан бір адам көз жұмып, 4-еуі жарақат алды

Павлодар тас жолындағы жол апатынан бір адам көз жұмып, 4-еуі жарақат алды

Павлодар облысының тас жолында болған жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды.

«2 қазанда сағат 17.45 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолының 549 шақырымында Аққулы ауылынан 25 км қашықтықта, Logan көлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, автокөлікті кюветке аударып жіберді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 35 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен төрт жолаушы (2021, 2003, 1981, 1969 жылы туған) түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Көлік арнайы тұраққа қойылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде