{metadescription}
Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы «Экология және табиғат пайдалану», 2008 жылы «Қаржы» мамандықтары бойынша аяқтаған. 

Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастады. Кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. 

Әр жылдары «Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен. 

2021 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды. 

«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде