{metadescription}
Ойыншық тапаншамен қорқытқан: Ер адам ойын клубынан 4 млн теңге алып кеткен

Ойыншық тапаншамен қорқытқан: Ер адам ойын клубынан 4 млн теңге алып кеткен

Қарағанды облысында қарақшы компьютер клубына ойыншық тапаншамен кіріп, тонап кеткен.

«30 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полицейлерге клубтың қызметкері үнемі осы мекемеде ойын ойнап жүрген клиенттің бірі кенеттен тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді.
Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды», - делінген полиция мәліметінде. 

Күдікті сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалып, соңында осындай әрекетке барғанын айтқан. 

«Ол ойыншық тапанша сатып алған. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде