{metadescription}
ШҚО-да көлік жыраға құлап, 4 адам көз жұмды

ШҚО-да көлік жыраға құлап, 4 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында көлік жыраға құлап, 4 адам көз жұмды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Үлкен-Нарын-Күршім» тасжолында болған. Күршім ауданының аумағында келе жатқан «Toyota 4Runner» маркалы автокөлігін 27 жастағы ер адам тізгіндеген.

«Жүргізуші жол дұрыс көрінбейтін учаскеде қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған. Соның салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, жыраға аударылып түсті. 59, 53, 43 және 30 жастағы төрт жолаушы оқиға орнында мерт болған. Ал көлік жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның жол жүру ережелерін бұзуынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде