{metadescription}
ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына қатыспайды – СІМ

ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына қатыспайды – СІМ

Ресей-Украина жанжалы аймағына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуы күн тәртібінде тұрған жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минитсрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Қазақстан мемлекеттік аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және БҰҰ-ның халықаралық құқықтары мен жарғыларына сай бейбіт өмір сүру ұстанымын жақтайды. Толықтай алғанда, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық мойындалған аумағымен нақты айқындалған және ұжымдық қауіпсіздік осы аумақ аясында ғана қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҰҚШҰ-ның ресейлік-украиналық жанжал аймағына қатысуы күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде