{metadescription}
5 өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

5 өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Республиканың бес облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды. 

4 қазанда күндіз Атырау облысының солтүстік, шығыс және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

4-6 қазан күндері Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 4-6 қазанда облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с-ке жетеді, ал 6 қазанда екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

4 қазан күні Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде