{metadescription}
СҚО-да бір сағат ішінде жылқының кесірінен екі жол апаты болды

СҚО-да бір сағат ішінде жылқының кесірінен екі жол апаты болды

СҚО-да бір сағат ішінде жылқылардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болды.

Есіл ауданында полицейлер Корнеевка ауылының маңында қайғылы жағдайға себеп бола жаздаған жылқының иесін іздестіруде. Жануар түн ортасында жол үстінде 42 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан Audi автокөлігіне соқтығысқан. Жүргізуші аман қалды, жараланған жануар қашып кеткен. Иесі ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша еркін жайылымға жол бергені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. 

Жарты сағаттан кейін, 3 қазан сағат 00:30 шамасында облыстың басқа бөлігінде табыннан бөлініп кеткен жылқы Lexus автомашинасының астына түскен. Жол-көлік оқиғасы Аққайың ауданында орын алды. Жүргізуші мен оның әйелі зардап шеккен жоқ, жануар сол жерде мерт болды. Бақташыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, жаза – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл. 

«Еркін жайылымның әрбір фактісі қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Қыркүйек айында бұндай оқиғалар Тайынша және Ақжар аудандарында да болды. Жергілікті полиция қызметінің мамандары ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күн сайын еркін жайылым фактілері анықталады. Облыста қаңғыбас малды қамауға арналған 230 қора бар. Оларда биылдыққа 9766 бас мал қамалып, 3480-інің иесіне айыппұл салынды», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. 

9 айдың ішінде СҚО жолдарында жануарлармен соқтығысудың 24 дерегі тіркелді. Полицейлер ауыл тұрғындарынан малды қараусыз қалдырмауды сұрайды. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде