Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алты баланың анасын өлімші қылып сабаған күдікті қамауға алынды
Әлеуметтік желіде 6 баланың анасын зорламақ болған және өлімші қылып сабаған адамның бостандықта жүргені туралы жазба жарияланған болатын. Осы оқиғаға байланысты Алматы облыстық Полиция басқармасы түсіндірме берді, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
08:29 04.10.2022
«Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне Қарасай ауданы Қаскелең қаласы ауруханасының реанимация бөліміне 35 жастағы әйелдің түскені туралы ақпарат түсті. Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 23 жастағы күдікті Қарасай ауданының ПБ-ға жеткізілді», - деп жазды ведомстводан.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram