{metadescription}
Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, Астана қаласында - 7, Алматы қаласында - 9, Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 1, Атырау облысында - 2, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 1,Ұлытау облысында - 1, Қостанай облысында - 3, Қызылорда облысында - 1, Павлодар облысында – 1. 

Сондай-ақ 3 қазандағы тәулік ішінде 104 адам аталған індеттен жазылып шықты: Астана қаласында - 10, Алматы қаласында - 12, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 15, Қарағанды облысында - 6, Ұлытау облысында - 2,Қостанай облысында - 46, Қызылорда облысында - 1, Павлодар облысында - 6, Түркістан облысында - 3. 

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 393 720 адамнан анықталса, соның ішінде 1 378 992 адам сауықты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде