{metadescription}
Жол-көлік апаты қай өңірлерде жиі болады

Жол-көлік апаты қай өңірлерде жиі болады

Жыл сайын елімізде 13 мың жол-көлік оқиғасы тіркеледі.

«Жолдағы қауіпсіздік жағдайы – елдің даму көрсеткішінің бірі. Жыл сайын 13 мың жол-көлік оқиғасы орын алуда. 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мың адам жарақат алуда», - деді Ішкі істер министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Министрдің айтуынша, соңғы 4 жылда, әсіресе, пандемия кезінде жол апаты динамикасы төмендеді. Бірақ шектеулер мен блокпостар алынғаннан кейін бұл көрсеткіштер өсіп жатыр.

«Мысалы, биыл жол көлік оқиғасы – 14%-ға, қаза тапқандар – 18%-ға, жарақат алғандар – 13%-ға өскен. Әсіресе, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жол апаты деңгейі жоғары. Қазақстан бойынша барлық көлік оқиғасының 56% пайызы, жарақат алғандардың 55% пайызы және қаза тапқандардың 41% пайызы дәл осы өңірлерде тіркелген», - деді М. Ахметжанов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде