{metadescription}
ҚМДБ 2023 жылға діни күндер кестесін жариялады

ҚМДБ 2023 жылға діни күндер кестесін жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

«Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», - делінген ҚМДБ сайтында.

Діни күнтізбеге сәйкес, 2023 жылы қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні, 21 сәуірде – Ораза айт. 

Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға түсіп тұр. Айта кетейік, үшкүндік мерекенің алғашқы күні елімізде демалыс саналады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде