{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0,8 КО) кезекті жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Көптеген боксшылар жан-жаққа қашқан кезде, шақыруды қабыл алғаны үшін Дензель Бентлиге алғыс айтамын. Лас-Вегастағы The Palms-та әлем чемпионы атағын қорғау мен үшін үлкен құрмет және әлемге «Қазақ стилі» не екенін тағы бір рет көрсететін боламын», — деп келтірілген Әлімханұлының сөзі ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы Instagram-дағы жеке парақшасында: «Вегаста көріскенше! Көзілдірік тағып кел, себебі мен рингте жарқырайтын боламын. Qazaq Style», - деген жазба орналастырды. 

Айта кетейік, кеше Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялаған болатын. «Сенбі, 12 қараша күні Palms-тегі турнирде әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді», - деп жазды Top Rank Instagram-да.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде