2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Каспий теңізінде 2 көлік су ортасында қалды

Каспий теңізінде 2 көлік су ортасында қалды

Атырау облысында Каспий теңізі суының ортасында қалған көліктерден 2 адам құтқарылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға кеше, 3 қазанда болған.

Исатай ауданында қатты соққан желдің екпінімен Каспий теңізінен толқын көтерілген. Соның салдарынан Жанбай ауылдық округіне қарасты Манаш елді мекенінің тұсында 2 көлік теңіз суының ортасында қалған.

«Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне Исатай ауданындағы Аққыстау ауылынан шамамен 55 шақырым қашықтықта Жанбай ауылынан шақырту түсті. Манаш елді мекені тұсындағы Каспий теңізінің жағалауында екі адам мінген көліктің батып қалған. Көліктегі адамдар өздігінен шыға алмаған», -деп хабарлады.

Исатай аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің, Жанбай шекаралық бекеті мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп іздестіру-құтқару жұмысын жүргізді.

«Теңіз жағалауында батқан «Нива» автокөлігінен 1967 және 1943 жылғы екі ер адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олар Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылына жеткізілді. Жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпеді», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Құтқару жұмыстарына Исатай аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінен 3 қызметкер, 1 ТРЭКОЛ көлігі, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, Жанбай шекара бекетінен 2 қызметкер, 1 техника тартылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.