Қазақстан аумағында 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Фото: ekonomigundemi.com.tr
15:36 04.10.2022
Жерасты дүмпуі 4 қазан күні Алматы уақытымен сағат 12 сағат 31 минутта болған.
«Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 587 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!