2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Колледждер мен университеттердің бірқатары Алматыдан Қонаевқа көшіріледі

Колледждер мен университеттердің бірқатары Алматыдан Қонаевқа көшіріледі

Бірқатар жоғары оқу орны мен колледждерді мегаполистен Қонаев қаласына көшіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев өңірдің бизнес қауымдастығымен кездесуі барысында айтты.

«Біздің ойымыз – университеттерді көшіру, ол үшін білім беруді ұйымдастыру мақсатында жақсы кампустар салу», - деді Арслан Дәндібаев.

Оның айтуынша, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасалады. Осылайша, студенттер жарты күн оқиды, жарты күн өндірісте жұмыс істей алады.

«Болашақта біз орта білім беруді дамытуға баса назар аударамыз. Бізде инженерлер, сантехниктер мен шеберлерді табу қиын», - деді ол.

Облыс басшылығы мегаполистегі өмір мен баспананың аймаққа қарағанда әлдеқайда қымбат екенін ескере отырып, жоғары оқу орындары мен колледждердің өңірге көшірілуі де оң әлеуметтік нәтиже беретініне сенімді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.