2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Кабулдағы жарылыс құрбандарының саны 53 адамға жетті

Кабулдағы жарылыс құрбандарының саны 53 адамға жетті

Кабулдың батысындағы жұма күнгі лаңкестік шабуылдан құрбан болғандардың саны 53 адамға жетті.

Бұл туралы дүйсенбіде БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясы мәлім етті. 

«Кабулдағы Хазар орамындағы оқу орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны артып келеді. Олардың саны 53 адамға жетті, оның 46-сы - қыздар мен жас әйелдер, тағы 110-ы зардап шекті», - деп хабарлады Twitter-де.

Бұған дейін хабарланғандай, жұма күні таңертең Кабулдың батысындағы білім орталығында студенттер емтиханға дайындалып жатқан кезде жанкешті өзін жарып жіберген.

Әзірге лаңкестік шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.