2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Сүт безі обырына тегін диагностика жасауға – есік ашық

Сүт безі обырына тегін диагностика жасауға – есік ашық

1-қазаннан бастап Алматы онкологиялықорталығында сүт безі обырын ерте анықтауға Ашық есік айлығы басталды.

Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні аясында Алматы онкология орталығы 2022 жылғы қазанайының әр сенбісінде (1, 8, 15, 22, 29) сүт безі обырын ерте анықтау үшін Ашық есік күндерін өткізеді, - деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

1-қазанда 239 әйел онколог-маммологтың кеңесін алды. Қатерлі ісікке күдікті 9 науқас анықталып, олар ультрадыбыс зерттеуінен өтті. Онкологиядиспансерінің клиникалық диагностика бөлімінің меңгерушісі Найля Ақжолованың айтуынша, қажетті қосымша тексерулерден кейін әйелдерге арнайы ем тағайындалады.

«Ашық есік күні онколог-маммолог мамандар тексерулер мен консультациялардан бөлек, әйелдерге сүт безін өздігінен тексеру ережелерін үйретіп, келгендерге сүт безін жүйелі түрде маммографиялық тексеруден өткізудің маңыздылығын түсіндірді, сүт безінде қандай да бір түзілім пайда болған жағдайда, бірден маммологқа көріну керек», - дейді Найля Ақжолова. 


Айта кетейік, Алматы қаласында 6635 әйел сүт безі қатерлі ісігі диагнозымен есепте тұр. Статистикағасәйкес, қалада жыл сайын 700-ге жуық сүт безіқатерлі ісігімен ауыратын әйел анықталады. Күнсайын қалада осы патологиямен 2 әйел ауырады. 

2021 жылы Алматы қаласында сүт безі обырынан 192 әйел қайтыс болған, оның 50 пайызы – еңбекке қабілетті әйелдер. 

Алматы онкологиялық орталығы Алматы қаласының барлық әйелдерін тегін тексеруге шақырады. Қатерлі ісік ауруын ерте анықтау өмірдісақтайтынын ұмытпаңыз. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.