{metadescription}
Қатерлі ісікті қалай жылдам анықтауға болады?

Қатерлі ісікті қалай жылдам анықтауға болады?

Алматыда урогениталдық жүйенің өскінін диагностикалаудағы КТ және МРТ-ның заманауи аспектілері қаралды, деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы орталық клиникалық аурухана базасында ресейлік мамандардың қатысуымен төрт күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның сәулелік диагностика дәрігерлері мен резидент дәрігерлер қатысты. 

Мамандар урология және гинекология салаларында түрлі ауруы бар пациенттерді емдеудің дұрыс әдісін іріктеу, жүргізілетін зерттеу сапасының критерийлері бойынша сауалдардың кеңейтілген спектрлерін қарастырды.

«Несеп-жыныс жүйелері органдары ісіктерін диагностикалауда тиімділік көрсеткіштері бойынша магниттік-резонанстық томография және компьютерлік томография ультрадыбыстық әдістен айтарлықтай басым болып келеді. Ісігі өскіндер, олардың қатерлі болуы, көршілес органдарға метастаздау, тіндегі өскіндер инвазиясы МРТ және КТ-да жақсы көрінеді.

Аталмыш томографиялар несеп-жыныс жүйесі органдары ісіктерінің өсу сипаттамасы туралы талқылауға және кейбір жағдайларда ның  морфологиялық құрылысы туралы айтуға мүмкіндік берді. Томограммаларда ісіктің таралуын анықтау, тамырлардың өсуі, лимфа түйіршіктерге метастазын анықтауға болады. Кезең-кезең зерттеудің сәулелік әдістерінің қорытындыларын зерттеу стандарты, жіктелуі қарастырылды. Аталған өзгерістерді білу халықаралық мамандармен іс-тәжірибемен алмасу патологияларды диагностикалау ебін оңтайландырады.

Конференцияда басқа да аурулар бойынша туындаған сауалдар қарастырылды», - деп бөлісті ОҚКА сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Алима Төремұратова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.