{metadescription}
Шамалған станциясында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

Шамалған станциясында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті

Алматы облысында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 қазан күні Шамалған станциясында болды. 

«Алматы-Ақтөбе» бағытында жүретін жолаушылар пойызы белгіленбеген жерде темір жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек бойынша Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасында ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан. 

Көліктегі полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы тоғыз айда белгіленбеген орындарда темір жолды кесіп өткен 34 019 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері пойыздар 1 618 рет шұғыл тежелсе, соның 308-і теміржол бойында адамдардың, 1 140-ы малдың жайылуына байланысты орын алды. Тоғыз ай ішінде 72 адам пойыздың астына түссе, соның тең жартысынан астамы көз жұмды. Соның ішінде 10 дерек бойынша балалар зардап шегіп, 8-і мерт болды. 

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – азаматтардың белгіленбеген жерлерде темір жолды кесіп өтуі. 

«Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын жете түсінбейді. Поездардың адамдарды жиі қағып кету деректері мына станцияларда тіркелген: Алматы 1 – 11, Шымкент – 7, Ақтөбе – 6 және Қарағанды-Сұрыптау және Тараз станцияларында 5 факт. Департамент қызметкерлері халыққа түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келе жатқанына қарамастан, оқыс оқиғалар азаяр емес», деді О.Бекеев. 

Көлік полициясы азаматтарға теміржолда мұқият болу керектігін еске салады. Онда арнайы жабдықталған жерлерден ғана өту керек. Жаяу жүргіншілердің төсем арқылы өтпес бұрын темір жолда пойыздың, локомотивтің немесе вагондардың жоқтығына әбден көз жеткізгендері жөн. Пойыздың сигналын есту үшін құлаққап пен капюшонды шешіп өту өте маңызды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.