2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Қос азаматтығы бар ерлі-зайыпты ресейліктер елден шығарылды

Қос азаматтығы бар ерлі-зайыпты ресейліктер елден шығарылды

Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі Көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғандары үшін Ресей Федерациясының 69 және 71 жастағы азаматтарын әкімшілік жауапқа тартты.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Ерлі-зайыптыға қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігімен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

«Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдіктерге 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды», - деді полиция полковнигі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.