2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Алматыда сабаққа кеткен 4 оқушы қыз бір тәулік бойы үйіне оралмаған

Алматыда сабаққа кеткен 4 оқушы қыз бір тәулік бойы үйіне оралмаған

Алматыда 4 қазан сабаққа кетіп, содан бері хабарсыз қалған төрт қыз табылды.

Бұл туралы жоғалғандарды іздеумен айналысатын «Лидер» волонтерлер тобы мәлім етті. Олардың айтуынша, төрт жеткіншекті іздеу жұмысы кеше таңғы үшке дейін жалғасқан. 

Қыздар 10, 11 және 14 жаста. Оның екеуі - апалы-сіңлілі бауырлар. 

Еріктілер Наурызбай ауданы полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Алма сити» тұрғын үй кешені мен Абай ауылы төңірегін сүзіп шыққан. Өйткені жоғалған қыздардың телефоны шамамен осы аймақтарда қосылып-сөндірілген. 

Іздеу жұмысы сонымен қатар Тараз қаласында да жүрді. Онда еріктілер қалааралық тасымалмен айналысатын автобустарды тоқтатып, тексерген. Қыздар басқа қалаға кетіп қалды ма деген күдік болған. 

Үштен кейін қыздар табылмаған соң еріктілер үйге қайтқан. 

Таңғы алтыда наурызбайлық полицейлердің қыздарды аман-есен тауып, полиция басқармасына жеткізгені белгілі болды. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.