{metadescription}
Таиландта балабақшаға жасалған шабуылдан 34 адам қаза болды

Таиландта балабақшаға жасалған шабуылдан 34 адам қаза болды

Таиландтың солтүстік-шығысында балабақшаға тапаншамен және пышақпен қаруланған ер адам шабуыл жасап, 34 адам, оның ішінде 22 бала қаза болды.

Шабуыл Нонгбуалампху провинциясында болған. Бастапқыда полициядан мемлекеттік тіркеу нөмірі Бангкокте берілген, ақ түсті пикап Toyota көлігін іздестіріп жатқаны хабарланды. Кейін Таиландтың орталық тергеу бюросы (TCEB) ер адамның өз әйелі мен баласын атып өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаған адам – 34 жастағы Панья Камраб, ол өткен жылы есірткі қолданғаны үшін полициядағы қызметінен кеткен. 

Мұндай шабуылдар Таиландта өте сирек кездеседі. 2020 жылы Накхонратчасима провинциясында әскери қызметкердің шабуылынан 20-дан астам адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.