{metadescription}
Қазақстанның өрт сөндіруші әйелдері Әлем чемпионатында 3-орын алды

Қазақстанның өрт сөндіруші әйелдері Әлем чемпионатында 3-орын алды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әйелдер құрамасы өрт-сөндіру құтқару спортынан Әлем чемпионатында – үшінші, ерлер құрамасы алтыншы орын алды.

29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өрт-сөндіру құтқару спортынан ерлер арасында XVII Әлем чемпионаты және өрт-сөндіру құтқару спортынан әйелдер арасында VІII Әлем чемпионаты өтті. 

Турнирге ерлерден 11 ұлттық құрама, әйелдерден 4 команда қатысты. 

Нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасы «жауынгерлік өрістетуден» әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ олар шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрге кедергі жолағымен өтуден, жауынгерлік өрістетуден және 4-тен 100 метрге дейінгі эстафетада жарысты.

Жалпы есепте әйелдер арасында бірінші орынды – Ресей, екінші орынды - Беларусь, үшінші орынды Қазақстан құрамасы жеңіп алды. 

Ерлер арасында бірінші орын – Беларусь, екінші орын – Ресей, үшінші орын Өзбекстан командасына бұйырды. Ал Қазақста құрамасы алтыншы орынға тұрақтады. 

Өрт сөндіру-құтқару спортынан келесі Әлем чемпионаты 2023 жылы Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласында өтетіні жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде