{metadescription}
Демалыс күндері елдің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады

Демалыс күндері елдің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады

Синоптиктер демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады.

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжыған, орталығы Баренц теңізінің үстінде орналасқан циклон өзімен бірге жаңбыр әкеледі. 

Елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік пен батыста шаңды дауыл тұрады. Циклон артынан Еуропа аймақтарынан суық антициклон жылжып келеді. Ол жаңа аптаның басында республиканың батысында, содан кейін солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды. Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +3-13 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.

Республиканың батысында түнде 1-9 градусқа дейін, ал күндіз ауа 15-25 градусқа дейін жылынады. 

Оңтүстікте түнде 1-6 градусқа дейін жылы, таулы аймақтарда 2-7 градусқа дейін аяз болады, ал күндіз күн 12-20 градусқа дейін жылы болады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде