{metadescription}
Шымкентте дәмханада атыс болып, бір адам жарақаттанды

Шымкентте дәмханада атыс болып, бір адам жарақаттанды

Шымкенттегі кафелердің бірінде атыс болып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

«7 қазан сағат 4:30 шамасында әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде», - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер «ВАЗ-21014» автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапқан. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде