Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккен 19 жасар жолаушы көз жұмды
Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен науқастардың бірі бүгін ауруханада қайтыс болды.
18:06 25.11.2022
Бірнеше сағат бұрын Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен жолаушылардың бірі қаза тапты.
«2003 жылы туылған науқас өмірге сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар салдарынан қайтыс болды. Қалған зардап шеккендердің динамикасы тұрақты», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қарағандыда екі жолаушы автобусы соқтығысқан болатын. Апат салдарынан бір автобустың жүргізушісі қаза тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!