{metadescription}
Алматы мектептерінен жарылғыш зат табылған жоқ
Алматыда «бомба қойылған» білім мекемелерінен жарылғыш зат табылған жоқ.
20:38 25.11.2022
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алматы қаласындағы №87 және 66 мектеп ғимараттарын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ.
Бұған дейін мегаполисте аталған екі мектепте «бомба» қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Білім мекемелерінде алғашқы ден қою аясында қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі тексеру жұмыстарын жүргізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!