Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісі сотта қаралып жатыр
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 қыркүйекте басталған басты сот талқылауы жалғасып жатыр.
21:00 25.11.2022
«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты 27 тұлғаға қатысты іс бойынша басты сот талқылауы жалғасып жатыр. Сот талқылауында ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1,4,8-тармақтары, 380-1-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы, 291-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 287-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4,8-тармақтары, 188-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 287-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы, 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 200-бабының 4-бөлігі, 384-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 2,3-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!