{metadescription}
Көлік қаққан оқушылардың жағдайы туралы мәлімет жарияланды

Көлік қаққан оқушылардың жағдайы туралы мәлімет жарияланды

Облыстық полиция департаменті Іле ауданындағы Алматы – Қорғас тас жолында орын алған жол апаты салдарынан 25 қарашада кешке ауруханаға түскен төрт жасөспірімнің жағдайы туралы айтып берді.

Мектеп автобусынан түсіп, жолды кесіп өтпек болған жасөспірімдерді Lexus IS көлігінің жүргізушісі қағып кетті. Шығыс бағытта Шелекке қарай ағызып келе жатқан көлік топ балаға үлкен жылдамдықпен қойып кетіп, оларды жол бойына ұшырып түсірген.

2009, 2010, 2012 және 2013 жылғы кәмелетке толмаған оқушылар әртүрлі дәрежедегі жарақаттарымен Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендердің көпшілігіне бас миының жарақаты, бас сүйегінің жарақаты, көптеген сынықтар, көгерулер, сондай-ақ кеуде, ішкі-құрылыстың жабық жарақаттары және травматикалық шок сынды диагноз қойылған. Олардың жағдайы туралы әлі нақты мәлімет берілмеді.

Полицияның хабарлауынша, бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінің 2-тармағындағы қылмыс құрамы бойынша аудандық ПБ-ның ЕҚДБ-да тіркелген.

Жүргізуші - 1994 жылғы Алматы облысының тумасы. Ол қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Куәландыру кезінде алкогольді ішімдік тұтынбағаны анықталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.