{metadescription}
Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі басталды

Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі басталды

Бүгінгі, 26 қарашадағы инаугурация – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі.

Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысып отыр.

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант береді. Осы сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.